Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш қойылады

17 Шілде 2021, 12:01
1727
Бөлісу:
Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш қойылады

Алматы, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның туған өлкесінде жаңа ескерткіші бой көтеретін болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан facebook-тегі парақшасына жазды.

Депутаттың жазуынша, сәулет-құрылыс, абаттандыру жұмыстары аз күнде толық аяқталады.

Алматыдағы мәлім шеберханада қашалған ақынның асқақ болмысымен алысқа көз қадап, қою шашын жел тарап тұрған алып мүсіні өз тұғырын күтіп тұр. Орналасқан аумағы да ғажап. Маңайын әсем ғимараттар қоршаған алаң Аспантаудың жатаберісі жоқ аңқылдаған ақкөңіл елі мен келімді-кетімді меймандарының ат басын арнайы бұратын саялы мекені болатыны даусыз,-деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Сонымен қатар ол осыдан 3 жыл бұрын қайта аудан болып бөлінген Нарынқол орталығында жаңадан салынған нысандардың фотосын жариялады. Онда Азаматтарға арналған үкімет ғимараты, «Сервистік әкімдік», прокуратура, аудандық әкімдік ғимараттары бар.

Өзгелердің жаңалығы