Нарын мен Сырдариядан әрбір елдің су алу лимиті бекітіледі – Брекешев

18 Наурыз 2022, 10:19
1397
Бөлісу:
Нарын мен Сырдариядан әрбір елдің су алу лимиті бекітіледі – Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында айтты. 

Өзбек және тәжік тараптарымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде Шардара су қоймасына құятын ағын су көлемі ұлғайтылды. Нақты айтсақ, ақпан айындағы көрсеткіш  қаңтармен салыстырғанда 22 пайызға артты. Келесі айда мемлекетаралық үйлестіру су комиссияның отырысы өтеді, онда Нарын, Сырдария каскадының жұмысының режимі келісіледі. Сондай-ақ әрбір елдің су алу лимиті бекітіледі, - деді ол. 

Брекешев атағандай, Шардара су қоймасына келетін су ағыны 500-ден 940 текше метр секундқа дейін ұлғайды. 

Нәтижесінде, Шардара қоймасындағы су деңгейі 500 текше метрге дейін толтырылды. Сонымен қатар Көксарай су реттегішіне су жинауды бастауға және төменге жаққа 100-ден 200 куб метрге дейін су жіберуге мүмкіндік берді. Су тапшылығы жағдайында фермерлерді сумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттен қосымша қаржы бөлінеді, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы