Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды

6 Ақпан 2022, 13:20
3119
Бөлісу:
Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды  қалалық прокуратура.

Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.

Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев Қылмыстық кодексінің 174-бап "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы