Нариманды 21 жыл бойы жаттықтырып келемін – әкесі

7 Тамыз 2024, 16:06
1127
Бөлісу:
Нариманды 21 жыл бойы жаттықтырып келемін – әкесі
Фото: автордан

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың әкесі қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Нариманды бала кезінде спорт залына әкесі Хусанжан жетектеп әкелген. Жас кезінде спорттық гимнастикамен айналысқан тәжірибелі бапкер ұлының өз жолын қуғанын жөн көрген.

Бұл – тарихи медаль. Біз Нариманды бұған дейінгі Олимпиада ойындарынан бастап дайындап келеміз. Лицензиялық турнирде өзін жақсы көрсете білді. Алтын алғымыз келді, бірақ біз күміс иелендік. Бұл жүлдеге де қуаныштымыз. Мен баламның жеке бапкерімін, бала кезден спортқа деген қызығушылығын байқадым. Спорт залына өзім жетектеп әкелген едім. Қарап отырсам, 21 жылдай уақыт бойы оны жаттықтырып келемін. Көңілім толып, толқып тұрмын. Оған жанкүйер болған барша отандастарыма рақмет айтамын. Алдағы уақытта тағы үлкен жетістіктер күтеміз, - деді Нариман Құрбановтың әкесі Хусанжан.

Өзгелердің жаңалығы