Нариман Құрбанов Венгрияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

2 Қазан 2022, 01:25
4550
Бөлісу:
Нариман Құрбанов Венгрияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық гимнастшылар Сомбатхейде (Венгрия) өткен  әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Сөйтіп,  аттың үстінде жаттығу жасау бойынша Нариман Құрбанов үздік атанды. Екінші орын Шао Ю Ян (Тайбэй), үшінші орын Хирамицу Когиге (Жапония) бұйырды.

Еден жаттығуларында Милад Карими күміске қол жеткізді. Жеңіс украиналық Илья Ковтунға бұйырды. Хирамицу Кога (Жапония) үшінші орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы