Нариман Құрбанов олимпиада лицензиясын жеңіп алды

20 Сәуір 2024, 01:20
383
Бөлісу:
Нариман Құрбанов олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Фото: gov.kz

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде Нариман Құрбанов Париж олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ат снарядындағы финалда Нариман 4-сатыға тұрақтап, ал негізгі қарсыласы Ли Чи Кай (Қытайдың Тайпейі) күміс жүлде алды. Осылайша, жалпы Әлем Кубогының рейтингінде қазақстандық гимнаст 3-сатыда қалады.

Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама сапынан жазғы ойындар жолдамасын Милад Карими мен Нариман Курбанов алып үлгерді.

Қазір барлығы Қазақстанда 14 спорт түрінен 42 лицензия бар.

Өзгелердің жаңалығы