Нанның ішінен ыдыс жуатын губка шықты

13 Қыркүйек 2019, 13:09
3539
Бөлісу:
Нанның ішінен ыдыс жуатын губка шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу жанындағы елді мекендердің бірінде бөлке нан сатып алған ер адам ішінен ыдыс жуатын губка тауып алған.

"Подмосковье сегодня" хабарлауынша, Чехов тұрғыны бүлінген нанды қайта дүкенге апарған. Дүкен иелері бұндай жайттың бірінші рет болып тұрғанын айтып, ақшасын қайтарып берген.  

Ер адам бұл нанды кішкентай бала жеп қойса, не болар еді деп қынжылады.

Ол нанды пісірумен айналысатын фирмаға хабарласып, жағдайды түсіндіріп беруді сұраған.

Өз кезегінде фирма иесі аталмыш фактіге сәйкес қызметтік тексеріс жүргізетінін мәлімдеген.

"Бүгін бізге сондай шағым түсті. Біз ұннан жасалған тағамдарды дайындау процесін қатаң қадағалаймыз және адамдар біздің өнімді алғанына риза болғанын қалаймыз. Біздің тарап нанның ішінде табылған губкаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізетін болады", - деді фирма өкілдері.

   
Өзгелердің жаңалығы