Наньнинг-Нұр-Сұлтан жаңа теміржол бағыты іске қосылды

3 Сәуір 2021, 21:40
1998
Бөлісу:
Наньнинг-Нұр-Сұлтан жаңа теміржол бағыты іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында жүк тасымалданатын Наньнинг - Нұр-Сұлтан жаңа теміржол бағыты іске қосылды.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы тасымалды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының еншілес компаниясы – «KTZ Express» акционерлік қоғамы, қазақстандық мультимодальдық оператор жүзеге асырды. Пойыз ауыр құрылыс техникасы тиелген қырық футты 49 контейнерді жеткізді. Жаңа логистикалық арна жүк жеткізу уақытын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік беріп отыр, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы