Нағи Ілиясов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

17 Желтоқсан 2023, 04:39
555
Бөлісу:
Нағи Ілиясов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Фото: gov.kz

Қызылорда облысының Нағи Ілиясов ауылында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде өңірде салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Ұлттық жобаның шеңберінде өңірдің елді мекендерінде 27 объекті салынуда. Бүгінгі таңда 15 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев ауыл тұрғындарын жаңа объектінің ашылуымен құттықтады, ал медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов бата берді.

Сонымен қатар, Қызылордада бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Инвестицияның көлемі 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын қан орталығы алдағы күндері пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 9 медициналық объектіде күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 объекті жылыту газына ауыстырылды.

Жыл соңына дейін көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық, Досан кентіндегі медициналық пункт, Жаңақорған ауданындағы көпбейінді аудандық аурухананың базасында «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы ашылады.

Өзгелердің жаңалығы