Нұра ауданында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

12 Қыркүйек 2020, 03:46
1715
Бөлісу:
Нұра ауданында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұра ауданының Ахмет ауылында «Құғабаев Н. С.» шаруа қожалығы құс фабрикасын іске қосты. Бұл туралы ortalyq.kz сайты жазды.

10 мың тауыққа арналған кешен жылына 100 тонна ет және 350-400 мың жұмыртқа өндіреді деп жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер 20 млн теңге салды. Дайындық жұмыстары барысында ауданы 1 300 шаршы метр бос ғимарат қалпына келтірілді. Қуаттылығы әртүрлі отандық және шетелдік өндірістің 36 бірлік инкубациялық жабдық, балапандарды өсіруге арналған 80 Брудер, құстарды ұстауға арналған 50-ден астам тор және өнімділігі сағатына 150 бас модульдік құс фабрикасы сатып алынды.

Қазіргі уақытта құс қорасында кобб-500 ет тұқымды 900 балапан бар. Олар 50-60 күн өсіріледі. Мұнда сондай-ақ, манжүрлік бөдене өсіріледі. Олардың саны 2,5 мыңға жетті. Сонымен қатар, Брама, амрокс, кучинская және хайсекс сияқты тауықтардың тұқымдары бар. Кобб-500 қоспағанда, барлық тауық түрлері жұмыртқа өндіру және өсіру үшін бапталады.

Жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылды. Құс шаруашылығы кешені толығымен автоматтандырылғанына қарамастан, өндіріске сегіз жергілікті тұрғын тартылған. Тағы үш бос жұмыс орны бар.

Айта кету керек, бұл шаруашылық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен ынтымақтасады. ЖОО тауықтарды күту, тұқымдар, жем және ветеринария саласындағы селекция бойынша консультативтік және түсіндірме көмек көрсетеді.

Жоба экологиялық таза өнім алуға бағытталғандықтан, барлық талаптар орындалуда.

Болашақта өнімді Нұра ауданы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды базарларына шығару жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы