Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар есебінен 100 электроавтобус желіге қосылады

4 Маусым 2020, 20:45
1148
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар есебінен 100 электроавтобус желіге қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар көмегімен электроавтобустардың санын 200-ге дейін көбейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық әкімдікте елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және көлік жүйесін дамыту мәселелері бойынша жиын өтті.

Мемлекет басшылығы жанармайдың баламалы түріне көшіруді тапсырған болатын. Бұған дейін инвестиция мәселелері бойынша кеңесте әкімдік электроавтобус өндірумен айналысатын компанияның жобасын мақұлдады. Жеке инвестор өз қаржысына елордаға электроавтобус әкеледі. Қала әкімдігі 100 электроавтобус сатып алып, олар биылдан бастап желіге шықты. Дыбыссыз электр автобустарының артықшылығы – олар экологиялық және пайдаланғанда көп шығынды қажет етпейді.
Бұл автобустарды пайдалану автопарктер тек жанармайдан дизельмен салыстырғанда 80%-ға дейін үнемдейтінін көрсетті. Сондай-ақ май ауыстыру және басқа да қажеттіліктер болмағандықтан, эксплуатациялық шығындардың 80% азайғанын байқадық. Егер дизельдік отынға шығындар тәулігіне 22-25 мыңды құраса, электрлік шығындар 4-5 есе аз. Конструкция автобустарды күніне бір рет, тек түнгі уақытта қуаттайды, ал күндіз оған қажеттілік жоқ, - деді "City Transportation Systems" компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Жаңа электроавтобустар автопарктерді айтарлықтай жаңартып, автобустардың жүру уақыты мен аялдамада күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, елорда әкімі тұрғындар жол ақысына қатысты мәселе көтерді.

Қыс мезгілінде балаларды жол ақысын төлемегені үшін автобустан түсіріп кеткен кездер болды. Егер бала мектептен немесе үйірмеден қайтатын кезде, әсіресе отбасыда бірнеше бала болса жолақысын төлеу қиынға соғатын.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес, 28 наурыздан бастап қалалық, қала маңына қатынайтын және экспресс бағдарларда 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол ақысы тегін болды (Тек жолаушылар көлігін белгілеп, олардың жүру кестесін ыңғайлы етіп жасау үшін көлік картасы қажет). Бұған қоса қоғамдық көлікте жасы бойынша зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, мүгедектер, мүгедектерді алып жүретін тұлғалар, көпбалалы отбасылар тегін жүреді. Автобуста тегін жүру үшін аталған санаттағы азаматтарда атаулы жеңілдік картасы болуы керек.

Елорда автобустарында электронды төлем қабылданады. Қоғамдық көліктер 100% жүйемен қамтылған, сондай-ақ пилоттық жоба ретінде Face Pay жүйесі пайдаланылады. Автобустағы камералар адамдарды бет-бейнесі арқылы таниды, жолақы автоматты түрде алынады.

Өзгелердің жаңалығы