Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанға кіру шектелген. Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ, олардың жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде, - делінген ақпаратта.
11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.