Нұр-Сұлтанда құрылыс саласындағы 500 нысанның жұмысы жанданды

24 Сәуір 2020, 14:37
1219
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда құрылыс саласындағы 500 нысанның жұмысы жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен  онлайн баспасөз конференцияда атап өтті.

Мемлекет басшысының кәсіпкерліктің жекелеген түрлерінің қызметіне нақты, атаулы рұқсат беру жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, бірінші кезеңде 20 сәуірден бастап бірқатар кәсіпорындардың жұмысы қайта жанданды. Ең алдымен, өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар өз жұмысын бастады. Бұл секторда 20 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Екіншіден құрылыс саласы. Бұл сала бойынша  20 сәуірге дейін 970 нысанның құрылысы тоқтатылған болатын. 500-ден астам объектіде құрылыс жұмыстары жаңғыртылды. Барлық құрылыс компанияларымен келісімге қол қойылды, онда ұйым басшылары қызметкерлерді барлық сақтық шараларына қажет заттармен қамтамасыз ету міндеттелді, - деді спикер. 

Сонымен қатар, брифинг барысында елорда жолдарын жөндеу жұмыстарын бастаған асфальт-бетон зауыттарының жұмысы іске қосылғандығын айтты.
Жалпы ауданы 2000 м2 кем емес ірі құрылыс дүкендері жұмыс істейді. Көлік және логистика,  ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар да өз жұмыстарын бастады. Бұл сектордың азық-түлік бөлігі бұрын жұмысын тоқтатқан жоқ еді. Қалған компаниялардың қызметіне рұқсат беру 10 мың адамға жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, онлайн тапсырыстарды жеткізу үшін мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзартылды. Екінші дәрежедегі банктер мен нотариустар да өз жұмыстарын бастап кетті, - деді Бақтияр Мәкен. 

Сонымен қатар, қалада ауқымды дезинфекция жүргізіліп жатқандығын айтты. 
2 800 тұрғын үй кешені, 10 мыңнан астам кіреберіс өңделген. Өңдеуге 500-ге жуық адам қатысқан. Дезинфекция жұмыстарына қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылушылар да қатысуда, - деді әкім орынбасары.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 1100 автокөлік ТЖ ережесін бұзғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Сондай-ақ брифинг барысында Бақтияр Мәкен елордада 12 752 адам экспресс тестілеуден өткені туралы айтты. Спикер бүгін Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас індеттен көз жұмғанын да хабарлады.



Өзгелердің жаңалығы