Нұр-Сұлтанда дезинфекциялық жұмыстар өткізілді 

18 Шілде 2020, 20:46
1211
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда дезинфекциялық жұмыстар өткізілді  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда адамдар көп жиналатын жерлерде-саябақтарда, скверлерде, жағалауларда және бульварларда дезинфекция жүргізілді.

Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіледі. Барлығы 30 млн шаршы метр дезинфекцияланды. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс, - делінген әкімдік ақпаратында. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Өзгелердің жаңалығы