Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

11 Маусым 2020, 11:56
1368
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тест былтырғыдай күнара емес, күн сайын өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтандағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым мен 5 шілде аралығында үш университетте өтеді: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2 589 оқушы, 13 аудитория), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1818 оқушы, 7 аудитория) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (1884 оқушы, 13 аудитория). 

Бүгінде ҰБТ қатысушыларының мәліметтер базасы бар, сәйкестендіру кодтарын беру рәсімі өтті. ҰБТ өткізу орындары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы. 
Биыл лек саны екі есе артып, барлығы 14-ке жетті. Осылайша, былтырғы оқу жылындағыдай күнара емес, әр күн сайын өткізіледі.


Өзгелердің жаңалығы