Нұр-Сұлтанда бос жатқан жерге үлкен аулалар мен саябақтар салынуда

22 Тамыз 2020, 18:53
1943
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бос жатқан жерге үлкен аулалар мен саябақтар салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Өндіріс» тұрғын алабындағы жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Елді мекендердегі шаруашылық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Абаттандыруды қажет ететін жерге тұрғындарға аса қажетті үлкен аулалар, саябақтар мен жайлы тынымбақтар салынуда. Бүгінгі кешкілік уақытта қала шетіндегі елді мекеннің бірі Өндірісте (Лесозавод) жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалап келдім, - деп жазды ол.
Ақбидай көшесі, 11 мекен-жайында қазір футбол алаңы бар аула жасалды. Бұл балаларға да, аға буын үшін де ыңғайлы болады.

Тайбурыл, 9а көшесінің аумағында шағын саябақ ашылды. Мұнда 1950 жылы салынған жапсарлас үйлер болды. Аумақ бірнеше аймаққа бөлінді: спорттық тренажерлер аймағы, балаларға арналған ойын алаңы және футбол/баскетбол алаңы.

Аула аумақтары мен қоғамдық орынды абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударылмақ. Тағы бір жаңалық бұл жерге тұрғындардың өтініші бойынша жылы аялдама орнатылды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Өндіріс елді мекенінде №23 оқу орнының аумағында мектептің жаңа корпусының құрылысы басталды. Еңселі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. №49 мектебінде күрделі жөндеу жүргіземіз. Кездесу барысында Өндіріс елді-мекенінің тұрғындары бірқатар мәселе көтерді. Оларды жоспарымызға бекіттік, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Жалпы, биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады.

Өзгелердің жаңалығы