Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тұрғын үй қоры» КММ «Берекелі баспана» жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй қалалық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл бағдарламаға «Әлеуметтік жағынан осал» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатысады. Оларға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар, толық емес отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары жатады.
Пәтер саны: 148;
Шаршы метр: бір және екі бөлмелі пәтерлер;
Пәтерді меншікке жекешелендіруге болмайды;
Бастапқы жарна: жоқ;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 6-12 тамыз аралығы;
Талаптары: сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Әлеуметтік жағынан осал топтар» санаты бойынша тұруыңыз керек.
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев қиылысы, «Барыс» ТК аялдамасы) іске асырылады.
Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін.
Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
Байланыс нөмірлері: 79-34-50, 8-776-120-29-73.