Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

13 Қыркүйек 2019, 09:33
2153
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» спорт кешенінің маңында үнемі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылдың 14 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін әр сенбі және жексенбі күндері Қажымұқан көшесі 9  мекенжайында қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. 
4a97781e97f1e179e766c367142c2622.jpeg
ФОТО: astana.gov.kz

Аталмыш жәрмеңкеге Қарағанды облысы, Ақмола облысы Целиноград ауданының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері қатысады. Қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан келесі телефон нөмерлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-69-78, 55-68-99.

Өзгелердің жаңалығы