Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада боран салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы хабарлады.2020 жылдың 23 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептеріндегі 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін және Теміртау мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымның 1-11 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды.