Нұр-Сұлтанда 700 медицина қызметкері қонақ үйде тұрып жатыр

16 Сәуір 2020, 20:12
1204
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 700 медицина қызметкері қонақ үйде тұрып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы 692  медициналық қызметкер қонақ үйлерде тұрып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға бағытталған шаралардың бірі - медицина қызметкерлерін қаланың қонақ үй мекемелеріне орналастыру.  Бүгінгі таңда 692 қызметкер қонақүйлерде орналасқан. Жұмыс уақыттары аяқталған соң, қонақ үйге барады, - дейді Сәуле Қисықова.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында осыған дейін 316 адам вирус жұқтырған. 
Оның 47 пайызы ерлер, 53 пайызы әйелдер. Коронавирусты жұқтырғандардың 43 пайызы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар. 26 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 16,5 пайызы – 50-59 жас аралығындағы адамдар болса, 9 пайызы 60-69 жас аралығындағы азаматтар. 3 пайызы – 70 және одан үлкен жастағы кісілер. 3,4 пайызы – 18-ге толмаған балалар, - дейді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы