Нұр-Сұлтанда 47 ойын терминалының иесі сотталды

8 Қыркүйек 2020, 14:41
1242
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 47 ойын терминалының иесі сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді. 
Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген, - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-тармағына сәйкес айыпты болып танылды. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Өзгелердің жаңалығы