Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 130 км веложол салынады

13 Мамыр 2020, 04:31
1436
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 130 км веложол салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада 45 км веложол салынса, 3 жыл ішінде 130 км веложол салу жоспарланып отыр. Уақыт өте келе елорданың барлығына дерлік негізгі көшелерінде веложолдар салынады.

Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында велоспортты дамытуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында велосипедтерді жалға беру қызметі жұмысын бастайды. Пайдаланушылар үшін 50 велостансаға 200 велосипед қойылады.

Маусым айында велосипед саны үш есе көбейтіледі. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына 155 стансада 700 велосипед қолжетімді болады. Бұл қала тұрғындары үшін автомобильдер мен қоғамдық көлікке балама болады.

Велосипедтерді жүйеде тіркеу рәсімін өткеннен кейін ғана жалға алуға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіру қажет. Жүйеде 16 жастан асқан адамдар тіркеле алады.

Абонементтерді 13 мамырдан бастап City Transportation Systems кассаларынан сатып алуға болады. Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы