Нұр-Сұлтан мен Сиань арасында тікелей рейс ашылды

6 Қаңтар 2020, 11:22
3936
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Сиань арасында тікелей рейс ашылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. SCAT әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Сиань (Қытай) арасындағы тікелей рейс ашты.

Алғашқы рейс 2019 жылдың 30 желтоқсанында жасалып, жолаушылар 5 сағатта жетті. 
Жаңа рейс Қазақстан астанасы мен Қытайдың ежелгі астанасын біріктіретін рейс болмақ. Сианға баратын қазақстандықтар өздері үшін тарихи Қытайды, әсем табиғатты және "Терракота әскерін" көруге мүмкіндік туып отыр, - деді Scat компаниясының Жерүсті қызмет көрсету кешенінің директоры Дәулет Хамзин.

Сонымен қатар, компания өкілінің айтуынша, әуе билетінің бір бағыттағы бағасы 70 мың теңгеден басталады.

Нұр-Сұлтан-Сиань бағыты бойынша әр дүйсенбі және жұма күндері Boeing737 әуе лайнерінде рейстер болады.
Өзгелердің жаңалығы