Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. SCAT әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Сиань (Қытай) арасындағы тікелей рейс ашты.
Алғашқы рейс 2019 жылдың 30 желтоқсанында жасалып, жолаушылар 5 сағатта жетті.Жаңа рейс Қазақстан астанасы мен Қытайдың ежелгі астанасын біріктіретін рейс болмақ. Сианға баратын қазақстандықтар өздері үшін тарихи Қытайды, әсем табиғатты және "Терракота әскерін" көруге мүмкіндік туып отыр, - деді Scat компаниясының Жерүсті қызмет көрсету кешенінің директоры Дәулет Хамзин.
Сонымен қатар, компания өкілінің айтуынша, әуе билетінің бір бағыттағы бағасы 70 мың теңгеден басталады.
Нұр-Сұлтан-Сиань бағыты бойынша әр дүйсенбі және жұма күндері Boeing737 әуе лайнерінде рейстер болады.