Нұр-Сұлтанға 2,5 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді
25 Шілде 2020, 18:55 795

Нұр-Сұлтанға 2,5 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанға ұшақпен COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларға қарсы 2,5 млн дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.


Олардың ішінде 550 мың қорап парацетамол мен ибупрофен, 300 мыңнан астам антикоагулянттар қаптамасы – ксарелто мен аспирин бар. Сондай-ақ 1,4 млн бактерияға қарсы препараттар қаптамасы: азитромицин, цефтриаксон, левофлоксацин, велпенем; 30 мың вирусқа қарсы препараттар және т.б. Шілденің ортасынан бастап қалаға 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Тексеруден кейін (1-2 күн) дәрі-дәрмектер дәріхана желілеріне таратылады.
Бұл жүктер гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алуға және тасымалдауға көмек көрсетіп, дәріхана желілерінің дистрибьютерларына айналым қаражатын бөледі. Қала ауруханалары мен емханаларында дәрі-дәрмек қоры бар – олар уақтылы толтырылып отырады. Медицина мекемелеріне қосымша медициналық жабдықтар – 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, 500 арнайы кереует жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қосымша медициналық құралдарды сатып алу жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылуда, - делінген ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...