Заманауи технологиялардың көмегімен ғалымдар осы уақытқа дейін белгісіз болып келген дәліздің барын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды. Дәліздің ұзындығы 9 метр. Ал ені 2 метрден асады. Археологтар әзірге бұл құрылыстың қандай мақсатта қолданылғанын білмейді.
Десе де, жасырын дәліздің көмегімен жаңалыққа қол жеткізетіндеріне сенімді. Себебі әлемдегі ең ірі пирамиданың құпиясы әлі күнге дейін толығымен ашылмаған.