Мысырда қайтыс болған елшілік қызметкері Түркістанға жерленді

<p> Нәзипа Өсербаева туысының мезгілсіз қазасына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты.&nbsp; </p> <br>

 5 Қаңтар 2020 2020, 18:31
5 Қаңтар 2020 2020, 18:31
2595

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет атқарған дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Ол Түркістан облысында жерленді.

Марқұмның туысы Нәзипа Өсербаеваның  айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарына көмектескен.

Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Әйелі жүкті, жат елде қанша болатынын білмейміз, – дейді әйел. 
Нәзипа Өсербаева туысының мезгілсіз қазасына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. 

Еске сала кетейік, Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін көз жұмған дипломаттың жары Айнұр Молдабаева Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Онда келіншек жұбайының өліміне қатысты істі мұқият және ашық тергеу жүргізуді сұраған.

Наверх