Мырзағалиев дизель отыны нарығында жағдайдың тұрақталғанын айтты

22 Желтоқсан 2021, 09:52
1234
Бөлісу:
Мырзағалиев дизель отыны нарығында жағдайдың тұрақталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министр тамыз-қазан айларындағы жанар-жағармай нарығында дизель отынының тапшылығы болғанын еске салды. Мағзұм Мырзағалиев бұл  мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын баяндады.

Біріншіден, автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды. Екіншіден, Атырау мұнай өндеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды.
Үшіншіден, Павлодар мұнай өндеу зауытының жөндеу жұмыстары биыл қыркүйектен қараша айына кейінге қалдырылды. Төртіншіден, Ресей Федерациясының мұнай өндеу зауыттарынан 281 мың тонна дизель отыны импортталды. Жедел іс-шаралар арқасында дизель отыны нарығында жағдай тұрақталды, -деді Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы