Мықты жастар шығып жатса жол беруге дайынмын - Абзал Әжіғалиев

23 Маусым 2022, 17:01
1318
Бөлісу:
Мықты жастар шығып жатса жол беруге дайынмын - Абзал Әжіғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжіғалиев мықты жастар шығып жатса жол беруге дайын екенін айтты.

Біздің Олимпиадаға 4 жыл дайындығымыз бар. Спортшы ретінде осы уақыт аралығында жақсы өзгерістерді күтемін. Мен шорт-тректе ең тәжірибелі спортшылардың бірімін. Өзім жинаған тәжірибемен әркез жас спортшылармен бөлісуге дайынмын. Егер , әрине менен жас спортшылар шығып жатса мен жол беруге де дайынмын. Себебі, Олимпиадада ең үздік спортшылар еліміздің намысын қорғау қажет, - деді шорт-трекші.

Әжіғалиев мансабын аяқтағаннан кейін де спортта қалатынын айтты.

Өз басым халықаралық дәрежедегі төреші болғым келеді. Қазір спортта  халықаралық дәрежедегі қазақстандық төреші жоқ. Келешекте Олимпиада және Әлем чемпионтаттарында төрелік етсем деймін, - деді Абзал Әжіғалиев.

Сонымен қатар ол  бүкіл спортшылардың мейрамымен құттықтады.  

Олимпиада күні барлық спортшыларды сондай-ақ спорт қауымын құттықтаймыз. Әрбір жас спортшының арманы - Олимпиада ойынына қатысу. Бүгінгі айтулы күнмен бүкіл қазақстандықтарды құттықтаймын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы