«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

16 Маусым 2021, 19:13
1591
Бөлісу:
«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ауыл балаларының арасында өткізілген «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өз мәресіне жетті. 

Ұлттық олимпиадада жеңімпаз атанған 1 мың оқушы еліміздің жетекші мектептерінде (республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейі, «Дарын» мамандандырылған мектебі) білімін шыңдап, Birge Oqý онлайн мектебінде оқи алады.

Білім сайысы тек ауыл балалары арасында өтеді. Негізгі мақсат – ауыл мен қала мектептері оқушыларының академиялық білімі мен қабілеті арасындағы алшақтықты азайту.

2 жылда олимпиадаға 400 мыңнан аса оқушы қатысқан.

Биыл алғаш рет білім додасы онлайн форматта ұйымдастырылды. Оған 150 мыңға жуық оқушы тіркеліп, I кезеңге 96 мыңнан аса оқушы қатысты. Олардың арасынан 5 мың оқушы финалға шықты.

І кезеңде логикалық және кеңістік ойлау бойынша тест тапсырған оқушылар 400 сұрақтың 368-іне жауап берді. Бұл ауыл мектептеріндегі оқушыларлың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан қала және ауыл мектептері оқушыларының арасындағы академиялық білім алшақтығын сапалы түрде қысқарту керек, - деді «Елбасы Академиясы» корпоративті қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, Birge Oqý онлайн мектебінде шалғайдағы ауыл мектептеріндегі 1,5 мыңнан аса оқушы білім алып жатыр. Онлайн мектеп сапалы білім беруді көздейді. Бұл пилоттық жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Ел Үміті» бастамасымен қолға алынған еді.

Өзгелердің жаңалығы