Музыка, бауырсақ пен тәттілер. Шетелдік бақылаушылар сайлау мереке сияқты өтіп жатқанын айтты

5 Маусым 2022, 12:34
1216
Бөлісу:
Музыка, бауырсақ пен тәттілер. Шетелдік бақылаушылар сайлау мереке сияқты өтіп жатқанын айтты
PHOTO
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында өткен брифингте Халықаралық Түрік академиясының бақылаушылары бүгін сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй барын айтты.

Қазақстан – біздің отанымыз, барлық түрік халқы үшін екінші үй. Әзержайжан үшін Қазақстан ең жақын дос елдің бірі, - дейді ол. 

Физули Маджидли сайлаушылар мен бақылаушыларды сайлау учаскелері қалай күтіп алғанын айтты.

Музыкамен, бауырсақпен және қазақстандық тәттілермен күтіп алды. Осы ретте қазақстандықтардың референдумға шығарылған өзгерістерге қызығушылығы өте жоғары екенін байқауға болады, - дейді халықаралық бақылаушы.

Музыка, бауырсақ пен тәттілер. Шетелдік бақылаушылар сайлау мереке сияқты өтіп жатқанын айтты

Сонымен қатар Халықаралық Түрік академиясының аға сарапшысы Дінмұхамед Әметбек те сайлауды жай сайлау емес, мейрам сияқты өтіп жатқанын айтады.

Қайда барсаңыз да әдемі әуен қосылған. Халықтың көңіл-күйі өте жоғары. Сайлаушыларға бауырсақ, тәттілер ұсынып жатыр. Сондай-ақ Сайлау комиссиясының сайлауды өте жоғары деңгейде ұйымдастырғанын да қоса кетуге болады, - деп айтты ол.

Одан бөлек, Халықаралық Түрік академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев да барлық учаскеде мерекелік көңіл-күй барын жеткізді.

Қай жерге барсақ та, «Мереке құтты болсын!» деп күтіп алып жатыр. Яғни бүгіннің ерекше күн екенін бәрі сезініп отырғаны анық, - дейді бақылаушы.

Халықаралық Түрік академиясының бақылаушылары бүгін күні бойы елордадағы сайлау учаскелерінде болады.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі сайлау учаскелерінде 25 ел және 10 халықаралық ұйымнан 272 бақылаушы қатысып жатқанын айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы