Мусин ҰБТ-ға неге информатика пәнінің таңдалғанын түсіндірді

12 Қыркүйек 2022, 13:21
2461
Бөлісу:
Мусин ҰБТ-ға неге информатика пәнінің таңдалғанын түсіндірді

Осы оқу жылынан бастап IT-мамандықтарға түсуші талапкерлер қажетті пәндердің бірі ретінде информатикадан тест тапсыратын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Осы оқу жылынан бастап IT-мамандықтарға түсуші талапкерлер қажетті пәндердің бірі ретінде информатикадан тест тапсыратын болады. Бұл қуантарлық жаңалық. Біз бұл мәселені Білім министрлігімен бірге бұрыннан бері пысықтап келдік. Бүгінгі таңда ҰБТ-ға дайындық - бұл жоғары сынып оқушыларын алаңдататын басты мәселе. Информатиканы қажетті пәндерінің тізбесіне кіргізу арқылы пәнді оқуға қызығушылық танытқан оқушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік болады, бұл өз кезегінде информатика мұғалімдері кәсібінің беделі мен мәртебесін арттырады, - деді ол жазбасында.

Мусиннің айтуынша, әрбір адам математиканы білгені сияқты бағдарламалау негіздерін де білуі керек.

Бағдарламалау кез-келген кәсіпте пайдалы болуы мүмкін, мейлі ол медицина болсын, инженерлік сала болсын. Өйткені болашақтың барлық мамандықтары IT саласымен байланысты болатыны шындық. Адам бағдарламалауды білсе, бұл оның логикалық ойлауды жетік меңгергенін білдіреді. Осы ретте ол бәсекеге қабілетті бола алады, өйткені ол информатика біліміне негізделген идеялар мен түрлі гипотезаларды іс жүзінде жүзеге асыра алады. IT саласының негіздерін үйрену-бұл тек мамандықты меңгеруде ғана емес, өмірде де пайдалы болары анық, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы