Мусин: Астананың екі ауданында интернет сапасы жақсарған

6 Маусым 2023, 16:53
880
Бөлісу:
Мусин: Астананың екі ауданында интернет сапасы жақсарған
Фото: Артём Чурсинов архив

Астананың екі ауданында интернет сапасы жақсарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министр интернет сапасы жақсарған аудандарға тоқталды.

Ехро ауданында интернет сапасы жақсарған. Ал Хан Шатыр ауданына екі базалық станция орнатылды, (интернет – ред.) әжептәуір жақсы істейді. Бірақ біз қосымша айыппұл салып, тағы екі ай уақыт бердік. Әкім кеше жиналыс өткізді. Өйткені бізге әкімдіктен жер учаскелері қажет. Ол осы бағыттағы жұмыстарды күшейтті. Қазір учаске бөліп берді, құрылыс басталады. Мәңгілік ел көшесінде радиофобия бойынша сондай проблема бар, - деді ведомство басшысы Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, елдегі интернет сапасының нашарлауы бұған дейін Үкімет деңгейінде де көтерілді. Сенат депутаттары да ғаламтор сапасының елорданың өзінде сын көтермейтінін бірнеше мәрте айтты.

Өзгелердің жаңалығы