Мұнай саласындағы тексеріс нәтижесінде бюджетке 3,2 млрд теңге түсті

11 Қараша 2026, 18:51
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 11 Қараша 2026, 18:51
11 Қараша 2026, 18:51
84
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

«Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанкоу» магистральдық құбырлары арқылы мұнай тасымалдау саласындағы заңдылықты талдау барысында салық заңнамасының бұзушылық фактілері анықталды.

Технологиялық ерекшеліктер мен өлшеу қателері салдарынан тасымалдау кезінде пайда болған мұнай артығы бухгалтерлік есепте толық көрсетілмегені анықталды. Нәтижесінде активтердің құны төмендетіліп, салық міндеттемелері тиісті деңгейде орындалмаған.

Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, түгендеу қорытындысы бойынша бухгалтерлік есепке 92 мың тоннадан астам мұнай жеткізілді. Салық есептілігіне түзетулер енгізіліп, оның нәтижелері бойынша 2,9 млрд теңге мөлшерінде корпоративтік табыс салығы есептелді.

Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша бюджетке өсімпұлды қосқанда 300 миллион теңгеден астам қаржы түсті.

Магистральдық құбыр көлігі саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
 

Наверх