Мұнай паспортының бірыңғай нысаны бекітілді

9 Қыркүйек 2023, 14:46
1567
Бөлісу:
Мұнай паспортының бірыңғай нысаны бекітілді
Фото: Энергетика министрлігі

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 89 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке (ЕАЭО 045/2017 ТР) өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BAQ.KZ.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес:

Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында айналымға шығарылатын мұнай паспортының бірыңғай нысаны және оны толтыру қағидалары бекітілді;

мұнай паспортының мазмұны бөлігінде техникалық регламенттің жекелеген ережелері нақтыланды;

мұнай сынағын өткізу кезеңділігі техникалық регламенттің сынақ әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарда белгіленгені көзделген.

Қабылданған өзгерістер мұнайды шығару және оның одақ аумағында айналымы кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруды, оның ішінде құжаттаманы рәсімдеу бөлігінде қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы