"Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырам" деген алаяқ 300 мың теңге алып отырған

4 Мамыр 2023, 15:54
709
Бөлісу:
"Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырам" деген алаяқ 300 мың теңге алып отырған
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ақтөбе облысы ПД "West Trans Group-M" ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150 - 300 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған. 

Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды. ПД дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға облыстық ПД 416 кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132)936-416 телефонына қоңырау шалуды сұрайды. Еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласуларыңызды сұраймыз, - деді Ақтөбе облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Сұлтанов Нұрболат.

Өзгелердің жаңалығы