Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді: әлемдік нарықта қандай өзгеріс бар? 

Мұнай бағасы барреліне 90 доллардан төмендесе, астық дақылдары да арзандап жатыр

 pixabay.com 24 Қараша 2026, 10:30
24 Қараша 2026, 10:30
73
Фото: pixabay.com

Әлемдік шикізат нарығында бағаның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнай бағасы барреліне 90 доллардан төмендесе, астық дақылдары да арзандап жатыр. Шолуға енген жеті тауардың ішінде тек күріштің бағасы бір айда өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 89,16 долларға тең. Мұнай бір тәулікте 0,24%-ға, ал бір айда 23,01%-ға арзандаған. Бағаның айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, мұнай былтырғыдан 44,27%-ға қымбат.

Уранның бағасы 89,95 доллар деңгейінде қалыптасты. Бір айда оның бағасы небәрі 0,22%-ға төмендесе, бір жылда 18,59%-ға өскен. Мұнаймен салыстырғанда уран нарығында баға тұрақтылығы байқалады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығында да баға төмендеп жатыр. Бір айда бидай 6,95%-ға, жүгері 4,87%-ға, күнбағыс майы 5,16%-ға арзандаған. Дегенмен аталған үш өнімнің де бағасы былтырғыдан жоғары.

Қант бір тәулікте 3,41%-ға қымбаттағанымен, бір айда 7,8%-ға арзандады.

Ал күріш бағасы, керісінше, өсіп келеді. Бір айда күріш 9,85%-ға, ал бір жылда 85,3%-ға қымбаттаған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың ақшасын қай валютада сақтауды жөн көретіні және банктердегі депозиттерінің көлемі қаншаға өскені туралы жазған едік.
Наверх