Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 18 қаңтарда болған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.
Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірді.
Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған. Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады, - деп хабарлады министрлік.
Бұған дейін Теңізде ГТЭС-4 нысанында трансформатор өртенген еді.