Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында мүгедек адамдардың жұмыстары қойылған "Интеграция" жобасы ұйымдастырылды.
"Интеграция" жобасы көзі көрмейтін мүгедектердің музыкалық, көркемдік, актерлік таланттарын дамыту мақсатында ойластырылып ұйымдастырылған және ортақ шығармашылық арқылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды сау адамдар ортасына кіріктіруге бағытталған, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Жобаны Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі бірлесе ұйымдастырған. Аталмыш көрме 2019 жылы "Интеграция. Өнердің ашық әлемі" атауымен алғаш рет өткізілген.
Жоба ұйымдастырушыларының мақсаты - зағиптардың түзелмейтін өмір жағдайларына байланысты ашылған бірегей көркемдік мүмкіндіктерін көрсетуді, көзі көрмейтін мүгедектердің әлеуметтік құндылығын дәлелдеу болып табылады. Жоба өз ісінің кәсіпқойларына зағип адамдармен өз білімі мен шеберлігімен бөлісуге, өз жанының бір бөлігін беруге, зағип адамның дүниені сезінуімен жанасатын жаңа баға жетпес тәжірибе алуына мүмкіндік береді, - деді мұражай қызметкері.
Көрмеге Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі В.А. Аренттің жетекшілігімен, көркем шығармашылықты сүюші зағип адамдар орындаған жұмыстар ұсынылды.
Көзі көрмейтін адамдар үшін бұл жоба ұжымдық көркемдік шығармашылық орнатуға, сондай-ақ жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатып, эмоцияларымен алмасуға мүмкіндік береді, - деді Назерке Жартын.
Шара соңында жоба қатысушыларына алғыс хаттар табысталып, жоба ұйымдарына іс-шара эмблемасы түріндегі естелік сыйлық берілді.