Мүмкіндігі шектеулі жандар ортопедиялық аяқ қиіммен қамтылады

13 Қыркүйек 2024, 18:50
387
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі жандар ортопедиялық аяқ қиіммен қамтылады
Фото: pixabay.com/ru

Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту шаралары және техникалық құралдармен қамтуға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, елде әлеуметтік кодекс енгізілгелі мүгедектерді қолдау саласында оң өзгерістер орын алды.

Келесі жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарда оңалту сапасы артады. Шаралардың бірі – ересектерге арналған арбаларды пайдалану мерзімін жеті жылдан алты жылға қысқарту. Жеті жастан кіші балалар үшін бұл мерзім үш жылға азайтылды. Екінші және үшінші топ мүгедектеріне ортопедиялық аяқ киім мен ем-профилактикалық құралдар қажет. Бұл шығындарды мемлекет өтейді.

Салалық министрлік мүгедектігі бар адамдарды оңалту сапасын жақсарту үшін жаңа бастамаларды енгізеді. Мәселен, мүгедектігі бар адамдарды катетермен қамтамасыз ету нормасын 12 данадан 48 данаға дейін ұлғайту қарастырылған. Зейнеткерлік жастағы мүгедектігі бар адамдарды сурдо және тифло ноутбуктермен қамтамасыз ету, дыбыстық жазбаны тифлофлешплейермен ойнату үшін ойнатқышты ауыстыру шаралары жоспарланған. Сонымен қатар, төсекке таңылған азаматтар үшін матрас және функционалды, механикалық медициналық төсек бөлу жоспарланып отыр. Бұл – өте қымбат құрал-жабдық, - дейді Альмира Дисюпова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 29 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Өкінішке қарай, бір жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 2,5%-ға өсті.

Өзгелердің жаңалығы