Мумбайда Қазақстан-Үндістан қатынастары талқыланды

7 Қараша 2019, 16:14
7240
Бөлісу:
Мумбайда Қазақстан-Үндістан қатынастары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі сауда-қаржы және іскерлік орталығы – Мумбай қаласына жұмыс іс-сапарымен барды, деп хабарлады СІМ ресми сайты. 

Қазақстандық дипломат Махараштра штатының губернаторы Ш.Кошиаримен кездесіп, еліміздің Үндістанмен қарым-қатынастарының даму тарихына, сондай-ақ екі жақты  сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кеңінен пікір алмасты.

Сонымен қатар, елші Ерлан Әлімбаев жетекші сауда-өнеркәсіп палатасының, Eximbank, Мумбай теңіз портының, Махиндра компаниялар тобының басшылығымен, бизнес өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы