Мультилатерализм әділ болады деп ойлаймын - БҰҰ бас хатшысы

8 Маусым 2023, 12:13
775
Бөлісу:
Мультилатерализм әділ болады деп ойлаймын - БҰҰ бас хатшысы
Фото: aifnews2023

Жаһандық мәселені тек ынтымақтастық арқылы шеше аламыз. Бұл туралы Астана халықаралық форумында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әлем қақтығыстар мен геосаяси текетірестер кезеңінде. Климаттық дағдарыс күшеюде. Әр елдің мақсаты бейбітшілік пен әл-ауқатты жақсарту болып отыр.

Қазіргі таңда көптеген жаһандық мәселеге тап болып отырмыз. Біз күш-жігермізді біріктіріп жұмыс істеу арқылы мұның бәрін еңсере аламыз. БҰҰ бүкіл елмен бірге жаһандық мәселелерді бірге шешуге үндейміз. Елдер арасындағы мультилатерализм барынша инклюзивті әрі әділ болады деген ойдамын. Өскелең ұрпаққа қауіп төндіретін сын-қатерлердің алдын алуға және оларды болғызбауға үндеймін , - деді Антониу Гутерриш.

Бұған дейін Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қауіпсіздік кеңесін реформаламай, сын-қатерлерге төтеп бере алмаймыз» деп айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы