Мұхтар Ерман ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды

30 Наурыз 2022, 10:35
1562
Бөлісу:
Мұхтар Ерман ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында экс-депутат Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

Конституцияның 57 және 58-баптарына сәйкес палата төрағасының ұсынуымен Парламенттің әр палатасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметке тағайындайды, - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Осыған байланысты ол әріптесі Мұхтар Ерманның кандидатурасын ұсынып отырғанын айтты.

Мәжіліс регламентіне сәйкес Палата бюросының шешімімен заңнама және сот құқықтық реформа комитетіне ұсынылған кандидатура бойынша қорытынды әзірледі.

Конституцияның 58-бабының 3) тармағының 7-тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына Мұхтар Тілдәбекұлы Ерманды тағайындау туралы Парламент Мәжілісі төрағасының ұсынысы енгізілді. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес ұсынылған кандидатура қаралды, - деді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Мұхтар Ерман заң шығару саласында көп жыл бойы еңбек еткен қоғам қайраткері. Екі жоғары білімі бар.

1986 жылы Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Алматы Сәулет-құрылыс институтында ассистент-тағылымгер болып бастаған.

1999-2005 жылдары Алматы жарнама мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.

2006-2016 жылдары Nur Otan партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, хатшысы болып жұмыс істеді. Алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

2011 жылы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Жетінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

Депутаттар тиісті қаулының жобасын дауысқа салып, кандидатураны тағайындау туралы шешім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы