Мұхамбетов Қостанай қаласындағы спорт орталықтарын аралады

27 Ақпан 2022, 11:15
1418
Бөлісу:
Мұхамбетов Қостанай қаласындағы спорт орталықтарын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл спорт орталықтары мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде жұмыс істейді.

Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы алдымен Қостанай қаласындағы "AIVA" даму орталығына барды. Спорт орталығында 70-тен астам бала каратэ және дзюдо сияқты спорт түрлерімен шұғылданады. "AIVA" даму орталығында 16 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі А.Бұсырманов атындағы бокс мектебіне барды, мұнда 75 бала жаттығады және 2 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Аталған орталықтар мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істейді.

Одан кейін ол "Қостанай жоғары политехникалық колледжі" КМҚК-да болды. Ғимараттың жалпы ауданы 7,5 мың ш.м. мұнда 380 орындық акт залы, 478 ш. м. спорт залы бар. Оқу корпусы мен шеберханалар 2018 жылы күрделі жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта 1 265 студент білім алуда, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен 1 064 адам, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 50 адам, сырттай 16 адам оқиды.

"Жас маман" жобасы бойынша 2020 жылы 279 673,6 мың теңгеге жаңа оқу жабдығы сатып алынды. Сондай-ақ, колледж аумағында студенттерге арналған жатақхана салу туралы шешім қабылданды. Тоғыз қабатты ғимараттың ауданы 9879 шаршы метр болады.

Бұдан кейін облыс әкімі "Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі" КМҚК-да болды. Мұнда 29 кабинет, 13 зертхана, 200 орындық асхана, тренажер залы, шаңғы базасы, 413,1 шаршы метр спорт залы, 150 орындық акт залы бар.

2020 жылы оқу корпусына 233 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.

2021 жылы "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС-мен ынтымақтастық басталды, зауытпен кабинет жабдықталды және рәсімделді, тораптар мен агрегаттар жеткізіледі деп күтілуде.

Аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық басқармалардың басшыларына, Қостанай қаласының әкіміне барлық жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы