Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 150 мыңнан астам қызмет түрін алды

2 Маусым 2021, 12:27
1626
Бөлісу:
Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 150 мыңнан астам қызмет түрін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 86 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 30 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 28 мыңға жуығы – санаториялық-курорттық емдеуді алды және 36 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыстарды рәсімдеді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

2021 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша 86 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6 мыңнан астам – ымдау тілі қызметін, 30 мыңнан астамы – жеке көмекші қызметін, 28 мыңға жуығы – саноторлық-курорттық ем алды.

Сондай-ақ, портал арқылы 36 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді.

Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 8,8 мың құжат проактивті түрде ресімделді. Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 856 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), ОТҚ 118 жеткізушісі, 13 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 248 ымдау тілін, 66 санаторлық-курорттық емдеуді, 133 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізуші тіркелген, - деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.



Өзгелердің жаңалығы