Мүгедектігі бар адамдар ақпаратқа қалай қол жеткізеді

5 Желтоқсан 2024, 15:29
404
Бөлісу:
Мүгедектігі бар адамдар ақпаратқа қалай қол жеткізеді
VIDEO
Фото: pixabay.com

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасында мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі нормалар көзделген.

Бұл заңда мүгедектігі бар адамдарды ақпаратқа қол жеткізу мәселесі негізгі қағидат болып бекітілді.Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қолжетімділігін қандай тәсілдермен жеткізілуі анықталды. Онда жеке бап пайда болды. Қолданыстағы заңда ол бап болмаған. Сол үшін де әдебиетті брайт шрифт арқылы шығару және де интернет ресурстар ұлттық стандарттарға сәйкес болуы осы заң жобада бекітілген. Заңды жетілдіру мақсатында басқа да тәсілдерді қосуды қоғам белсенділерімен  талқылап жатырмыз, - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова.

Өзгелердің жаңалығы