Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы өседі

1 Маусым 2023, 16:22
1438
Бөлісу:
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Фото: Артём Чурсинов архив

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14,5%-ға ұлғайтылатын болады, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, биыл мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеуге қазынадан қарастырылған бюджет көлемі – 379 млрд теңге.

2023 жылға арналған республикалық бюджетте мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеуге – 379 млрд теңге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға – 71,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға – 113,8 млрд теңге көзделген. Жалпы, 1 шілдеден бастап төлемдер мөлшерін ұлғайтуға республикалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді, - деді Назгүл Сағындықова.

Өзгелердің жаңалығы