28 наурыздан бастап Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов мәлімдеді.
Аудан әкімі тиісті шешім қабылдаған. Қазіргі кезеңде аталған шешімге сәйкес төтенше жағдайды жоюға бағытталған тиісті іс-шаралар жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының Қобда ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Комиссия су тасқынынан болатын залалды анықтайтын болады.Қазіргі уақытта су басқан үйлер туралы мәліметтер тіркелген. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев хабарлады.
Қобда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы кезектен тыс отырыс өткізді. 28 наурыздан бастап Қобда ауданының аумағында төтенше жағдай жарияланды. Қобда өзені арнадан шығып, ауылдың батысындағы үйлерді су басқан. Су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмек көрсетіледі. Сол жерде комиссия жұмыс істейді, - дейді аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев.