24 сәуірде Мемлекет басшысы телемост форматында «Tomorrow School – peer-to-peer» қағидаты бойынша жұмыс істейтін жасанды интеллект және бағдарламалау мектебін елдің 14 өңіріне кеңейтуге старт берді.
Мұндай мектепті құру идеясы және оны кеңейту Президенттің цифрлық трансформация жөніндегі бастамаларымен тікелей байланысты.
«Tomorrow School» дәстүрлі мұғалімдер мен дәріссіз жұмыс істейді. Студенттер бір-бірін оқытады, командаларда жұмыс істейді және 50-ден астам тәжірибелік жобаларды орындайды. Бағдарлама 18 айға созылады, оған қоса бағдарламалау тілдері, машиналық оқыту, деректерді талдау және компьютерлік көруді қамтитын мамандану кезеңі бар. Оқу тегін және 18 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді.
Қазіргі таңда мектеп Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында және басқа өңірлерде, сондай-ақ Шымкентте іске қосылып жатыр. Жыл соңына дейін жоба барлық өңірлерді қамтиды. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам өтінім берілген, жүздеген студент стартаптарын іске қосып, компаниялардан ұсыныстар алуда.
«Tomorrow School-ды ауқымдау - оның адам капиталын дамыту және Қазақстанның әр өңірінде мықты технологиялық база құру жөніндегі тапсырмаларының тікелей орындалуы.