Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Cұлтанда жаңа форматтағы оқу орны – аlem бағдарламалау мектебі ашылады. Мұғалімсіз, дәрістерсіз және баға қою жүйесінсіз. Мектеп халықаралық деңгейдегі IT мамандарын бұрын елімізде болмаған жаңа оқыту жүйесімен тегін дайындайды.
аlem революциялық бағдарламалау мектебі алғашқы түлектерді қабылдайтынын жариялайды. Бұл жерде мұғалімдер, дәрістер, баға қою сияқты дәстүрлі білім беру элменттері мүлдем жоқ. Бес жылдың ішінде alem 1000 жуық кәсіби мамандарды дайындауды көздеп отыр. Аталмыш оқу орнына түсу үшін қазірден бастап https://alem.school cайтында тіркелуге болады.
Бұл – UmitFund бейкоммерциялық білім беру қоры мен 01 Edu System еуропалық білім беру платформасының біріккен әлеуметтік жобасы.
Оқу жүйесі Peer learning принципімен құрылған. Студенттер стандартты техникалық дағдылармен қатар критикалық ойлау, командада жұмыс жасау, шешім қабылдау, жауапкершілік алу сияқты қазіргі замаға қажетті дағдыларды жетілдіреді. Оқу бағдарламасы геймификация әдісіне негізделген: компьютерлік ойындағыдай, оқушы бірінші тапсырманы орындағаннан кейін ғана келесі деңгейге өте алады. Ал әрбір тапсырма индивидуалды түрде студенттердің белігілі бір дағдыны дамыту мен білім алуына бағытталған.
Алғашқы түлектерді қабылдауға аlem мектебінде 200 орын дайын. Оқуға 18-35 жас аралығындағы кез келген үміткердің түсу мүмкіндігі бар. Оқудың орта мерзімі – екі жыл, жұмыс істеу уақыты - 24/7: cтуденттер өз ыңғайына қарай күндіз, түнде, жұмыс күндері, демалыс немесе мереке күндері де мектепте білім алса болады.
"Мектепке түсу үшін әр үміткер алдымен https://alem.school сайтында тіркеліп, арнайы тестілеу мен интервьюдан өту керек. Математика немесе бағдарламалаудан алдын ала білімнің болуы міндетті емес. Сонымен қатар, ҰБТ немесе басқа да емтихан нәтижелері қажет емес. Түлектерді таңдауда біз үшін тек олардың қабілеттері мен мотивациясы ғана маңызды", - дейді аlem мектебінің директоры Дагар Давлетов.
Тестілеу мен интервьюдан өткен үміткерлер үшін төрт апталық "бассейн" деп аталатын bootcamp басталады. Бұл деңгейде олар өте қарқынды режимде практикалық тапсырмаларды орындайтын болады. "Бассейннен" жүзіп шыққандар ғана мектепке қабылданады.
"01 Edu System платформасында құрылған әлемдегі ең алғашқы мектептің Қазақстанда, Нұр-Сұлатанда ашылуына серіктес болу мен үшін үлкен мақтаныш, әрі мәртебе. Astana Hub – Қазақстанды әлем деңгейіндегі цифровизацияның көшбасшысы қылуға мүмкінгі бар бірден бір жоба. Біз 01 Edu System платфомасын әлемді болашақ талаптарына дайындау мақсатымен құрдық. alem - біздің сол мақсатты жүзеге асырудағы сенімді серіктесіміз", - дейді 01 Edu System платформасының негізін қалаушы Николя Садирак.
Айта кетейік, 01 Edu System – кәсіби бағдарламаушылардың сұранысын қамтамасыз етуге бағатталған педагогикалық цифрлық платформа. 01 Edu System педагогика әдістерін P2P, геймификация және ұжымдық интеллект әдістерімен ұштастырып, креативті ойлай алайтын мамандарды дайындайды. Қазіргі таңда бұл принциппен Николя Садирак негізін қалаған Epitech, web@cademie және Ecloe42 мектептері жұмыс жасауда. Аталмыш Ecloe42 мектебі әлемдік IT қоғамдастығында ұжымдық білім берудегі мықты мамандарды дайындайтын ең беделді мектеп болып есептеледі.
Umit Fund – alem мектебін ашуға 2 миллион АҚШ долларын салған бейкоммерциялық білім беру қоры.